«Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс. Жаңа кодекс қазіргі нормалар мен рәсімдерді өзгертумен шектелмеу қажет. Құжат салық төлеушілердің ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа таным-түсінігі мен болмысын қалыптастыруға тиіс». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында осылай деді. Президенттің тікелей тапсырмасымен дайындалған кодекс келесі жылы күшіне енеді. Орал қаласында өткен семинарда салық жүйесіндегі жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді. Жиынға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, сарапшылар мен кәсіпкерлер қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #Жолдау2025