Сүйінші хабар. Облыс орталығының іргесінен табылған ежелгі Жайық қалашығының орнында ашық аспан астындағы мұражай ашылатын болды. Қазақстанның киелі орындарының қатарына енгізілген бұл мекен қазіргі Орал қаласының түп негізі болып саналады. Қазір тарихи құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, жұмыстар жоспарға сай басталып кетті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо