Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе, жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе артта қалудың салдары өте ауыр болады. Халыққа арналған Жолдауында Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев 3 жылда жаппай цифрлық ел болуға қатысты нақты әрі маңызды стратегиялық мақсат қойды. Осы бағыттағы өңірдегі іс-шаралар туралы келесі сюжетте.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #Жолдау2025