«Таза Қазақстан» жобасы тазалықпен қатар тәртіп пен тағылымның нышанына айналғалы қашан. Оның аясында жанашыр жандар қаланың келбетін келістіріп, аула, көше, ғимараттарға қамқорлық танытуда. Сол сөзіміздің дәлелі ретінде «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалы Оралдың орталығындағы амфитеатрды ретке келтірді.