«Тілім басқа болса да, тілегім бір, жүзім басқа болса да, жүрегім бір». Мемлекеттік тілді еркін меңгерген Павел Ерофеев осылай дейді. «Қазақтелеком» компаниясы инженерінің күнделікті қызметі – кабельдік және сымсыз желілердегі ақауларды жойып, байланысты қалпына келтіру. Ал қолы қалт етсе, кітап оқығанды құп көреді.