Әскери өмір өзгеше бір әлем. Бұл салада иттер де қызмет атқарады. Сарбаздардың сенімді серігі ретінде қылмыскерлерді құрықтауға, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға мол үлес қосады. Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде иісшіл иттер сайысы өтті. Байқау мақсаты – кинолог мамандардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, қызметтік иттердің дайындық деңгейін арттыру, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру және тәжірибе алмасу.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо