«Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Ол кең ауқымды іс-шараларды қамтиды. Аумақты таза ұстау, саябақтар мен орман алқаптарын және су қоймаларын қоқыстан жүйелі түрде тазартып тұру – басты міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің экологиялық жағынан таза болуына ерекше екпін түсірген болатын. Облыстық экология департаментінің өкілдері Деркөл кенті әкімдігімен бірлесіп, пресс-тур ұйымдастырды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо