Соңғы жылдары ауа райының құбылуы мен қуаңшылықтың жиілеуі мал азығының тапшылығына себеп болды. Табиғатқа тәуелді болмаудың жолын ойлаған шаруалар суармалы алқапта екпе шөп егуді қолға ала бастады. Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен ауқымды семинар өтті. Басқосуда суармалы жайылым көлемін ұлғайту, екпе шөп өсірудегі тың әдіс-тәсілдер туралы айтылды.



#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо