Облыс орталығында кәріз желісінің жалпы ұзындығы 400 шақырымдай болса, оның 61 пайызы тозып тұр. Кешенді жоспар аясында сору стансалары салынып, желілер жаңғыртылып жатыр. Жауапты кәсіпорын қызметкерлері уақытпен санаспай, апатты жағдайды болдырмау үшін барын салуда. Ауыз судың үздіксіз жеткізілуі мен кәріз жүйесінің іркіліссіз қызметін қамтамасыз етуде еңбек адамдарының қомақты қолтаңбасы бар. Солардың бірі – қарапайым слесарь Жұмабай Тақауов. Кәсібіне адалдық танытқан азамат туралы келесі сюжетте...