«Жеті атасын білмеген – жетесіз». Қазталов ауданында шежіреші, өлкетанушы Мұратбек Жахатовпен кездесу өтті. Тағылымды шарада қатысушылар туыстық қатынас, жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі жайында ой-пікірін ортаға салды.