«Мектептегі білім сапасы: Бір идея. Бір шешім. Бір нәтиже». Қалалық №52 орта мектеп базасында «Мақсатты мектептер» жобасы аясында инновациялық питчинг ұйымдастырылды. Оған сала басшылығы, білім беру ұйымдарының директорлары, педагогтер мен сарапшылар қатысты.