Өңірде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 40 шақырымға жуық ауылішілік жолдарын жаңғырту көзделген. 15 елді мекенді қамтитын жобаларды жүзеге асыруға 5,2 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы кезекті брифингте сала басшысы баяндады.