«Ассамблея жастары» РҚБ жергілікті филиалы ұйымдастыруымен «ETHNO TALKS» алаңында алғашқы кездесу өтті. Бұл – еркін пікір, ашық диалог, ортақ құндылықтар мен бірлікті дәріптейтін жастардың жаңа ортасы. Сондай-ақ шара барысында бірлестіктің жаңа төрағасы сайланды.