Отан үшін от кешкен арулардың бірі – Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова. Жеңістің 80 жылдығына орай батыр атындағы №30 орта мектепте көгалдандыру шарасы өткізілді. Экологиялық акция аясында қоғамдық ұйым өкілдері, «SAMGAU» азаматтық бастамалар қауымдастығының мүшелері, білім ұясының жоғары сынып оқушылары мектеп ауласына 40 түп алма ағашын отырғызды.