Футбол әлемде ең кең таралған спорт түрі десек, ешкім дау айтпас. Бәлкім, зілтемір көтермегендер табылар, конькимен сырғанамағандар да болар, бірақ өмірінде доп теуіп көрмеген адам жоқ шығар, сірә?.. Қысқасы, футболды білеміз, ал футбол фристайлы туралы не білеміз? Айтпағымыз ауадағы допты аяқпен, тіземен, кеудемен, иықпен, баспен қағып алып, қимыл-қозғалысымен көрермендерді таңқалдыратын қызықты өнер иелері туралы... «Жұманың жарқын сюжеті» айдарының кезекті кейіпкері Айболат Құбашев – мәнерлеп доп тебудің хас шебері.