«Абай әлемі – рухтың шамшырағы». Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде осындай атаумен тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орайластырылған шығармашылық кешке жергілікті әдебиетші-ғалымдар қатысып, студенттерге ұлы ойшыл туралы дәріс оқыды.