«Дипломмен ауылға» бағдарламасы мен «Қаладан ауылға» өңірлік жобасы елді мекендердің дамуына тың серпін беріп отыр. Берекелі бастамалар ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, өңірде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде. Біздің облыста пилоттық режимде қолға алынған жобаға өзге өңірлер де зор қызығушылық танытып отыр. Осыған орай облыстық мәслихаттардың депутаттары аймаққа арнайы келіп, бағдарламаның шарапатын көрген отбасылармен жүздесті.