«Отан үшін от кешкен арулар». Осындай атаумен М.Өтемісов атындағы БҚУ-да кездесу өтті. Басқосуда ел басына күн туғанда майдан даласына аттанып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батыр қыздар туралы соғыс ардагерлерінің ұрпақтары әңгімеледі. Шараға профессор оқытушылар мен студенттер қатысты.