Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына құжат қабылдау басталды. Білім беру тегін, яғни республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен жүргізіледі. Оның ішінде оқу орны «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық күштері» және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі» сияқты 4 бағыт бойынша мамандар әзірлейді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары оқу орнына түсу талаптары турасында түсіндірді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо