Былтыр Орал қаласында жалпы сомасы 7,8 млрд теңгеге 70 шақырым жол жөнделді. Биыл 41 көшенің жолы жаңғыртылды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті XVI сессиясында шаһар басшысы Мұрат Байменов мәлімдеді. Ол халық қалаулыларының алдында жылдық жұмысты қорытындылап, есеп берді. Жиында облыс орталығы мен оған қарасты ауылдық округ, кенттердің қазына қаржысы нақтыланды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв