Облыста көктемгі тасқын кезінде 10 мыңнан астам үй мен саяжайды су шайды. 2 мыңнан астамы комиссия шешімімен жарамсыз деп танылды. Жалғыз баспанасынан айырылған 2248 отбасыға тұрғын үй сатып алынса, 775 үйдің құрылысы жүруде. Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстарының алғашқы нәтижелерімен танысты.  


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо