Жайықтың жал-жал толқындарын жағаға ұрып, асып-таспағанына бірнеше жылдың жүзі болды. Көптің көкейінде жағалай қоныстанған ауыл-елді мекендердің тамырына қан жүгіртіп отырған өзен кемеріне келеді деген үміттен бұрын, арнасы кеуіп қалады-ау деген күдік көбейгені де жасырын емес. Биыл су мол келіп жатқанына куә болған ақжайықтықтар бір жағы қуанып, екінші жағынан ауылдарды аман сақтап қалудың қамына кірісті. Бұл жұмыстар Жайықтың сол жағалауында да қарқын алды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв#бқо