«Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бауыржан Ғұбайдуллин Қазақстан Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры болып тағайындалды. «Атамекен» өнер ордасында өткен алқалы жиында жергілікті қаламгерлер жаңа басшыға сәттілік тілеп, бұл қызметті абыроймен атқарған ақын Бауыржан Халиоллаға ризашылығын білдірді. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо