Парламент Мәжілісінің депутаттары кезекті каникулда ауыл-елді аралап, сайлаушылармен кездесуді дәстүрге айналдырды. Бүгін төменгі палата өкілі Серік Егізбаев өңірге жұмыс сапарымен келді. Ол облыс орталығында ғана емес, аудандарға да сапарлап, жұртшылықпен жүздеседі. Халық қалаулысы алдымен өзі өкілдік ететін «Ауыл» партиясының мүшелерімен бірге өзекті мәселелерді талқыға салды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв