Театр - өмір айнасы. Сөз зергері Ғабит Мүсірепов айтпақшы «хас сұлудың көз жасындай мөлдіреген – театр». Осы бір тәмсіл Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының да сипаттамасы секілді. Орал қаласында қайта шымылдығы түрілген театрға биыл 30 жыл толады. Ал, Наурыздың 27 жұлдызы - Халықаралық театр күні. Осы орайда сахна шымылдығы ашылған сәттен-ақ тазалықтың тұңғиығына жетелейтін текті өнердің ыстық-суығында аянбай еңбек етіп жүрген өнер тарландарын төл мерекемен құттықтауды жөн көрдік.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо