Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету - басты міндеттердің бірі. Оны шешу үшін еңбек инспекциясы қажетті шараларды қабылдауда. Осы жұмысты жүргізу үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен "ҚР-да 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары" бекітілді. Жыл басынан бері басқармаға 645 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29%-ға көп. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомство басшысы айтып берді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо