Қазақ халқында тұмарды қастерлеу, тұмарды кие тұтып төрге ілу, мойынға тағу кең тараған. Тұмарды баланың бесігіне таққан және «тiл-көзден, пәле-қазадан сақтасын» деген ниетпен перзенттің мойнына байлаған. Одан бөлек, дiмкәс, аурушаң адамдарға «дертінен айықсын» деген мақсатта қасиетті Құран аяттары жазылған қағазды былғарымен қаптап таққан. Тіпті тұмар төрт түлікке де тағылған. Қазіргі кезде ою-өрнекпен әшекейленген, моншақтармен, түрлі-түсті тастармен безендірілген тұмарлар үй интерьерінде кең пайдаланылып жүр. Жұмадағы сюжеттер топтамасының кезекті шығарылымы әр қазақтың төрінде ілулі тұрған тұмар туралы болмақ.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо