2 шілдеде Астанада қазақ күресінен жетінші республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді. Кең ауқымды жарыс төрт кезеңнен тұрады: ауылдық, аудандық, облыстық және финал. Соңғы кезеңде өнер көрсететін 34 палуанның есімі белгілі болды.

 

 

Турнирде үш рет «Қазақстан Барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев өнер көрсетпейді. Дегенмен, жарыстың қызығын басқа да әйгілі палуандар мен өткен жылдардың жеңімпаздары Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсынов қыздырмақ.

 

 

Биыл финалдық кездесулер «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады.

 

 

 

 

 

Источник: http://kaztrk.kz/news/qazaqstan-barysy-2017/qazaqstan-barysy-2017-turnirinin-finalynda-oner-korsetetin-paluandar-88515
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на http://kaztrk.kz