ОРАЛДА АУДАРЫСПАҚТАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Орал қаласындағы «Нұр-Ер» ат спорты туристік базасында ересектер арасында аударыспақтан ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 13 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысып, үш күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Ұлттық ат спортының бірегей түрінде балуандар тоғыз салмақ дәрежесі бойынша белдеседі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо