Обыр ауруы – дүниежүзінде өлім -жітімнің негізгі себепші салдарының бірі. Сонымен қатар, обырдың түріне, ағымына, даму сатысына және ағзаның ерекшеліктеріне байланысты емге бағындыру мүмкіндіктері бар. Обыр қаншалықты ерте анықталса, толық емделіп шығу мүмкіндігі жоғары болады дейді дәрігерлер. Облысымыз бойынша бұл сырқаттың етек алуы сала дәрігерлерін алаңдатып отыр. Осы мақсатта онкологиялық диспансерде дөңгелек үстел өткізіліп, ақжелеңділер аты жаман аурудың алдын алу туралы әңгіме қозғады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо