640 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫҒА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
Өңірде электр желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл «Инвестицияға айырбастау тарифі» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан аймақтық электр желілері компаниясы бұл бағытқа 640 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Қаражат электрмен жабдықтау нысандарын жаңартып, тозығы жеткен желілерді қайта жаңғыртуға бағытталады. Сонымен қатар трансформаторлар мен өзге де электр жабдықтары ауыстырылады. 2028 жылға дейін жоспарланған бағдарламаның басты мақсаты – өңір тұрғындарын сапалы, тұрақты әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо