Орал қаласында ата-аналар жиналысы алғаш рет жаңа форматта өтті. Дәстүрлі мектеп кабинеттерінің орнына – үлкен жылыжай, ал ресми баяндамалардың орнына – ашық әрі еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Жиында балалар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселесі көтеріліп, қауіпсіз орта қалыптастыру жолдары талқыланды. Мамандар ата-анамен тығыз байланыс қана бала қауіпсіздігінің кепілі екенін атап өтті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо