Оралда «Өсу капиталы: Өңірдің жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – бизнес қауымдастықпен өзара іс-қимылды нығайту және инвесторлардың құқықтарын қорғау. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, салалық комитеттердің өкілдері, сондай-ақ Корея, Қытай және Ресей Федерациясынан келген халықаралық компания басшылары қатысты. Шарада сөз алған облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі инвестициялық жобалардың басым бөлігі өзінің тікелей бақылауында екенін атап өтті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо