Журналистер қашан да алдыңғы шепте. Қаламын қару етіп, ақпарат майданында кірпік қақпайды. Ал қажет болған жағдайда қолына қару ұстап, Отан қорғауға да әзір. Әріптесіміз Нұрсұлтан Құрмаш осыдан бір ай бұрын тілшілік тіршілікті әскери өмірге алмастырған еді. Сарбаз атанған журналист жақында салтанатты жағдайда ант қабылдады.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо