Мәдениеті өскен ел – өркениетке көшкен ел. Жастарды тәрбиелеуде, тіпті қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуда да мәдениеттің алар орны зор. Ұлттық құрылтайда айтылған мақсат-міндеттердің қатарында мәдениеттің ойып тұрып орын алуының мәні осыда болса керек. Бүгінде азаматтық қоғамды дамыту, ұлттық құндылықтарды сақтау, бірлік пен келісімді нығайту, сондай-ақ цифрландыру мен жаңа технологияларды ілгерілету мәселелері кеңінен талқылануда. Батысқазақстандықтар құрылтайда көтерілген маңызды бағыттарға қатысты пікір білдірді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо