Өнер – уақытпен өлшенбейтін құндылық. Ал сахнаға адал қызмет ету – үлкен жүректің ісі. Осындай өнегелі жолды таңдаған, отандық театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған талантты актер Теміржан Матаевтың биыл сахнадағы шығармашылық қызметіне 30 жыл толды. Өнер иесінің мерейтойына орай облыстық халық шығармашылығы орталығында «Мұқағали-Нұрғиса» қойылымы сахналанды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо