«Абайлаңыз, мұз үстіне шығу қауіпті!» Орал қаласында төтеншеліктер су айдындарында мұздың қалыңдығы әлі де болса тым жұқа екенін ескертіп, дабыл қағуда. Мұндай жағдайда өзен-көлдердің үстін кесіп өту, балық аулау, мұзда түрлі іс-шаралар ұйымдастыру – адам өмірі үшін аса қауіпті. Дегенмен ескертуге құлақ аспайтындар бар. Жүргізілген рейд барысында бастарын қатерге тігіп, мұз үстінде қармақ салған балықшылар анықталып, айыппұл салынды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо