Жайық арнасы өзгеріп барады. Егер бұл табиғи құбылыс жалғаса берсе, өңірдің 5 ауданына су бармай қалу қаупі бар. Осыған байланысты биылдан бастап облыс орталығының оңтүстік-батыс бағытындағы Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы, өңірдегі су қоймалары мен гидротехникалық нысандардың жағдайын тағы бір мәрте тексеру артық етпесі анық. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев көктемгі су тасқынына дайындықты пысықтау үшін Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо