Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша болашақ сәулетшілер білім алуда. Бұл бағыт өңірдің шығармашылық және инженерлік әлеуетін арттырумен қатар жастарға өз туған жерінде сапалы сәулеттік білім алуға жол ашады. Сәулет – тек ғимараттар мен құрылыстарды жобалау емес, сондай-ақ адамдардың өмір сүру ортасын көркемдік және функционалдық тұрғыда үйлестіру өнері. Сондықтан бұл бағдарламаның басты мақсаты – заманауи ойлайтын, ұлттық және әлемдік архитектураны қатар меңгерген білікті мамандар даярлау.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо