Қаратөбе – «Ауыл аманаты» жобасын жемісті жүзеге асырып отырған ауданның бірі. Аталмыш бағдарлама аясында 24 ауыл тұрғыны кәсіп бастаған. Сондай-ақ ауданда 879 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жалпы құны 403 млн теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылып, қосымша 28 жұмыс орны ашылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев баяндады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо