Оралда «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі қорытындыланды. Мақсат – білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін қолданудағы тәжірибелерді тарату. Кәсіби мереке қарсаңында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының жергілікті филиалында 7 бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо