Бүгін елімізде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері алғаш рет өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Орал қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылына» және атаулы күнге орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, сала ардагерлері мен үздік қызметкерлерді марапаттады.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо