Жол қауіпсіздігі - халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін түйткіл. Өз Жолдауында Мемлекет басшысы осы мәселеге ерекше көңіл бөлді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жасалып жатса да көлік апаттары азаймай тұр. Жыл басынан бері 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев, көлік жүргізу мәдениетін бүкіл қоғам болып қалыптастыру қажет деді. Әрі бұл саланы реттейтін заңға түзетулер әзірленді. Оны көп созбай қабылдау керек. Әрбір азаматтың, әрбір баланың өмірі қымбат екенін атап өтті. Осы орайда арна тілшілері Жолдауда көтерілген мәселеге қатысты қала тұрғындарының ой-пікірін білді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #жолдау2025