Қазір шаруалар мен диқандар үшін қауырт шақ. Жаз бойғы еңбегінің жемісін көретін мезгіл. Ауа райының қолайлы кезін пайдаланып, мол өнімді жинап алу да маңызды. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 638 мың гектарды құрады. Соның ішінде дәнді дақылдар 289 мың гектарға егілсе, майлы дақылдар алқабы – 137 мың гектар. Сондай-ақ, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 4 мың гектардан астам алқапқа егілді. Бүгінде күзгі жиын-терім аяқтала келді. Арнамыздың түсіру тобы бау-бақша егумен айналысатын шаруашылықта болып, науқандық жұмыстардың барысымен танысып қайтты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо