«Бір шаңырақ астында». Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде осындай атаумен достық фестивалі өтті. Өнер байқауы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – өңірде қоныстанған түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін сақтау мен дамытуға жағдай жасау, елдің ынтымақ-бірлігін нығайту.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо