Бөрлі ауданы бойынша жалпы ұзындығы 146,3 шақырым автокөлік жолдары жөнделуде. Биыл халықтың әлеуметтік осал топ өкілдеріне ауылдардан жаңа 2 пәтерлі 22 тұрғын үй сатып алу жоспарланды. Осы және өзге де салалардағы оң өзгерістер мен өзекті мәселелер аудан басшысы Еркебұлан Ихсановтың ел алдындағы есебінде баяндалды. Қазыналы мекенде өткен жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, мемлекет саясатының басым бағыттарына тоқталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо