Жыл басталғалы Орал қаласында жол-көлік оқиғаларынан 9 адам көз жұмған. Ал зардап шеккендер саны мыңға жуықтайды. Осыған орай облыс орталығында 7-31 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында барлық көлік иелері мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтауы назарға алынады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо