Тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы командалық Х Қазақстан чемпионатынан батысқазақстандық ерлер және әйелдер құрамасы жеңіспен оралды. Зияткерлік спорт түрінен өткен додада елдің әр аймағынан 150-ден астам спортшы сынға түскен. Өңір намысын абыроймен қорғаған тоғызқұмалақ шеберлерін жерлестеріміз теміржол вокзалынан сән-салтанатымен күтіп алды.