Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Қазақстан балалары» онкүндігін өткізіп жатыр. Іс-шараның әр күні ұл-қыздардың құқығын, қауіпсіздігін, білім мен тәрбие алуын, денсаулығын және дамуын арқау еткен тақырыптық бағыттарға арналады. Бүгін Оралдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мектеп оқушыларына есігін айқара ашты. Шәкірттер цифрлық сервистермен танысып, танымдық экскурсияның куәсі болды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #зко