Мал басын асылдандыру, одан алынатын өнім сапасы мен өнімділігін арттыру – маңызды мәселе. Түйткілді тақырып облыс әкімінің орынбасары төрағалық еткен жиында жан-жақты талқыланды. Басқосуға басқарма басшылары, республикалық палаталардың өкілдері, ғалымдар, шаруалар қатысып, ой-пікірін ортаға салды.